Previous Page  168 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 168 / 216 Next Page
Page Background

168

Ала жіпті аттама

емес, алдап-арбап дүние жинау үшін ойлап табылған

амалдар. Мұндай сипаттағы қоғамдық ойындар кісінің

психологиясына кері әсерін тигізіп, есек дәмемен

алдарқатып, кездейсоқ жетістікке тәуелді қылып қояды.

Құмар ойнаған адам оған салынып, бұл індетке байла-

нып, оңайлықпен құтыла алмайды. Құмар ойыны жеке

адамға ғана емес, бүкіл қоғамға зардабын тигізетін

зобалаң екені айдан анық. Қазіргі таңда құмар ойнау

тұтас қоғамдық дертке айналып, адамның қарызға ба-

туына, отбасының ойран болуына, ақыр соңы өз-өзіне

қол жұмсауына әкеп соғуда.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Кімде-кім

досына құмар ойнауға ұсыныс білдірсе, оның садақа

беруі міндет»

, – деген, яғни Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

құмар ойнамақ түгілі оған шақырудың өзіне теріс

қараған. Құмар ойынға шақырған адамға күнәсінің өтеуі

үшін садақа беруді міндеттеген.

Алдамшы байлықтың буына мастанған адам бір

мезгіл есеп күнін де еске алғаны жөн. Ұтыс ойынында

кездейсоқ жолы болып, қыруар ақша иемденген адам

біреудің ақшасын нақақ тартып алғанмен барабар. Де-

мек, құмар ойнап қалтасын қалыңдатқан адам жұрттың

малын жеп, хараммен байығаны үшін, ал ұтылған адам

отбасының дүниесін ысырап қылып, нәпақасын талан-

тараж еткені үшін жауапты болады.

3. Алаяқтық

Егер кісінің жүрегінде иманы болмаса, Құдайдан

қорықпаса, қуқұлқынныңқамыүшінөтірік айту, бөтеннің

малын тартып алу, ұрлап кету секілді алаяқтықтың

небір түрлеріне бара алады. Ал, Ислам ережелерімен

бекітілген адал саудада мүмин мұндай қиянатқа бар-