Previous Page  173 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 173 / 216 Next Page
Page Background

173

Сауда ісіндегі кісі ақысы

ды тығып ұстаумен айналыспайды»

229

дейді тағы бір

хадисте.

«Тауарды тығып ұстамай нарыққа шығарған

ризығын табады, алыпсатарлық жасаған малғұн

(қарғысқа ұшыраған) болады»

230

,

«Кімде-кім

мұсылмандарға залал келтіріп, азық-түлікпен

алыпсатарлық жасаса, Аллаһ оны дәрменсіз ауру

қылады және шығынға батырады»

231

.

Нарықтағы кейбір тауарларды айналымнан шығару

арқылы уақытша дағдарыс жасап, өз өнімінің бағасын

өсіру немесе нарықты жаулап алу мақсатында тауарды

өзіндік құнынан төмен сатып, өзгелерді шығынға баты-

ру да спекулятивті операциялар қатарына жатады.

Көріп тұрғанымыздай, алыпсатарлық қоғамның

үлкен-кішісіне, бай-кедейіне қарамай бәріне жаппай

зардабын тигізеді. Бұл сауда алпауыттары арасындағы

мәміле болудан қалып, бұқара халықтың құқығын

бұзатын қауіпті қылмысқа айналады. Ешбір кісінің

қиямет күні есеп беруден құтылмасы анық. Олай бол-

са, Аллаһ тағала тыйым салған, Құран мен хадистер-

де бізге қайта-қайта ескертілген мұндай әрекеттерден

алыс жүргеніміз абзал. Ақылды адам келешегін таразыға

тартып, өзін ақырет күніне дайындайды. Ақымақ адам

нәпсінің айтқанымен жүріп, айдауына көніп, өзіне

қиянат жасайды. Олай болса, Құдайдан жамандыққа

жетелейтін нәпсіміздің жетегінде кетпейтін ердің ері

болуды тілейік.

229

Әбу Дәуіт. Бүю 47; Ибн Мажә.Тижарат 6.

230

Ибн Мажә. Тижарат 6.

231

Ибн Мажә. Тижарат 6.