Previous Page  171 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 171 / 216 Next Page
Page Background

171

Сауда ісіндегі кісі ақысы

(харам) жолмен жемеңдер!»

(«Бақара» сүресі, 188-аят)

әміріне, Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

«Бізді

алдаған бізден емес»

226

деген секілді қатаң ескертулеріне

түбегейлі қайшы келеді. Мұның дүние мен ақыретте

зауалы ауыр. Ислам ғалымдары алдап соғумен, алаяқтық

жолмен табылған малдың харам екенін, мұндай табысты,

пайдаланудың адамның ғибадатына, жеке басы мен от-

басына кері әсер ететінін айтқан. Егер сондай жағдайға

ұрына қалса, оны тұтастай қайырымдылыққа жұмсауға

кеңес берген. Және бұл садақаның өзі өсімқорлықтан

келген күнәдан, мойнындағы кісі ақысынан арылуға

жетпеуі мүмкін екенін айтқан.

Әбу Ханифа

Ұлық имам Әбу Ханифа Ислами ілім-білімнің

заңғар ғалымы болумен қатар, игі амал жасауда

да алдына жан салмаған. Өзінен кейінгілерге үлгі

боларлық біртуар тұлға. Әсіресе, оның саудадағы

әділдігі ел ішінде аңызға айналған.

Өзі күндіз-түні ғылымменшұғылданғандықтан,

сауда істерін жұмыскерлеріне тапсырып

қоятын.

БірдеолкөмекшісіХафсибнӘбдірахмандымата

сатуға жібереді де, тауардың мынадай ақаулары

бар, соны сатып алушыға айтуды ұмытпа және

арзанға сат деп тапсырады. Хафс тауарды имам

белгілеген бағаға сатқанымен, оның кемшілігін

сатып алушыға ескертуді ұмытып кетеді. Мұны

естіген Әбу Ханифа Хафстан: «Сатып алған адам-

ды білуші ме едің?» деп сұрайды. Хафс алған

адамды ұмытып қалғанын айтқан-ды. Ақырында

226

Мүслим.Иман 164.