Previous Page  176 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 176 / 216 Next Page
Page Background

176

Ала жіпті аттама

ұрының әшкере болып, ел ішінде жаман аты шығып,

күлкіге айналуын, қор болуын сөз етпейді. Мақалдың

түйіні пәни дүниедегі қорлықта емес, ақыреттегі

қорлықта жатыр. Сондықтан, халқымыз ұрпағының

ертеңін бүгіннен сақтандырып, ұрлықтың ақыреттегі

жазасы - қорлық екенін түсіндірген.

7. Парақорлық

Қазақ халқы өз танымында мынадай жеті түрлі

қорлықтың қатарында: жалақорлық, мансапқорлық,

жемқорлық, дүниеқорлық, зинақорлық нәпсіқорлық,

парақорлықты да атауы тегін емес. Қолында биліктің

тетігі бар лауазымды тұлғаны өз мүддесіне әрекет ету-

ге көндіру мақсатында оған заңсыз сыйақы ұсынуды

немесе өзгедей қызмет көрсетуді «пара беру» дейміз.

Пара – табан ақы, маңдай терсіз келетін арам ақша мен

дүние. Қара жолдың бойында иесіз көлденең жатқан

оңай олжаға кенелуден бұрын әуелі «бұл неғылған

батпан құйрық?» деп ойланған жөн. Оны бергеннің

де, алғанның да оңбайтынын Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

хадисінде:

«Пара беруші де, пара алушы да

тозақта»

, – деп анық айтқан.

Парақорлық – қоғамда адамгершілік пен діни

сана-сезімінің кемуіне сеп беретін керітартпа кеселдің

бірі. Бұл тек жекелеген адамдардың ісі емес, ол қоғам

өміріндегі тыныштық пен қауіпсіздікті тұрақсыз,

тұрлаусыз қылатын, қилы-қилы келеңсіздіктерге жол

ашатын қауіпті қылмыс. Парақорлық, жемқорлық

меңдеген қараңғы қоғамнан әділдік пен шындықты,

ізгілік пен сүйіспеншілікті шам алып іздесең де

таппайсың. Парақорлықтың кең етек жаюының себебi