179
Сауда ісіндегі кісі ақысы
Саудагер нарық бағамынан хабарсыз тау-
ар жеткізушіні жолдан тосып алып, тауарды өткізу
бағасынан арзанға сатып алады.
б) Қалалықтың ауыл адамына делдалдық
жасауы (комиссионер болуы)
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Қалалық адам
ауыл адамының атынан сауда жасамасын. Халықты
өз қалпында қалдырыңдар. Аллаһ халықтың бір тобына
екінші жартысы арқылы ризығын береді»
, – деген
235
.
Мұны қалай түсінеміз дегенге келсек, мәселен, ауылды
жерде көкөніс, жеміс-жидек, ет-сүт арзан болады. Ауыл
адамы мұны қала базарына шығарып саудалай алады.
Бірақ, мұны ауыл адамының атынан тісқаққан қалалық
саудагер істейтін болса, ол қалалықтардың мұқтаждығын
білгендіктен, қымбатқа сатар еді. Мұндай комиссия
шартына тыйым салудағы мақсат - қалалықтарды зиянға
ұшыратудың алдын алу болған.
в) Алдаумен (тапсырыспен) бағаны көтеру
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
көпшіліктің тау-
арды алуға еш құлқыжоқтығына қарамастан, басқаларды
арандатып, бағаны көтеруге немесе түсіруге тыйым
салған. Бағаны қолдан көтеру тауарды өндірушінің,
жеткізушінің тапсыруы бойынша, тауарды асыра мақтау
не болмаса бағада бәсекелесіп, сатып алушыны арандату
жолымен жүзеге асырылуы мүмкін. Олай болса, тауар
сапасын асыра мақтап, бағаны арттыруға тырысқан сау-
дагер айла жасаған болады. Оның бұл ісі дінде харам
саналады.
235
Мүслим. Бүю 21.