

177
Сауда ісіндегі кісі ақысы
- адамгершiлiк, әділдік секілді рухани құндылықтардың
қу дүниеден төмен бағалануында болса керек.
Жең ұшынан жалғасып, «бармақ басты, көз
қыстымен» қол жеткізген игілікте, мүлікте береке бол-
масы анық, онда кісінің ақысы мен көз жасы бар. Қу
құлқынның қамы үшін пара алған жан қызмет бабын асы-
ра пайдаланып, әділдіктен бұра тартқан залым болмақ.
Ислам діні әманда туралықты жақтайды, біреудің ала
жібінен аттауды және қиянат жасауды қостамайды.
Мұндай іс-әрекеттен тыяды. Сондықтан, дініміздің
қағидалары арқылы парақорлық, жемқорлыққа түбегейлі
тосқауыл қойылған.
Өкініштісі сол, елімізде сыбайлас жемқорлық
кең етек алғаны сондай - қалыпты да үйреншікті іске
айналғаны жасырын емес. Елді жайлаған жемқорлық
жегі құрттан бетер қарқын алып, әділеттілік пен туралық
секілді ізгі қасиеттерді жалмап барады. Өйткені, пара
алып үйренген мемлекеттік қызметкер көбіне өз
қызметін адал атқармайды, заңды сыйламайды, мемле-
кет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінбейді.
Мұндай қылықтар қалың көпшіліктің наразылығын ту-
дырып, билікке деген сенімсіздікке итермелеуде. Мұның
ақыр соңы бірліктің, елдіктің, тұтастықтың жігіне сына
қағып, мемлекетке орасан зор ақшалай және рухани
тұрғыда зардабын тигізуде. Бұл тығырықтан шығуға
әрбір саналы азаматтың әділдікті жақтап, қоғам өмiрінде
белсенділік танытуы арқылы, яғни құқықтары мен
бостандықтарының жүзеге асырылуын, заң шеңберінде
қорғалуын талап етуі нәтижесінде қол жеткізуге бола-
ды.