

180
Ала жіпті аттама
Осы арада харамға жол ашатын сауда-саттықты да
айта кеткен жөн. Ислам құқық кітаптарында харамға
жол ашатын саудаға мысал ретінде шарап өндірушіге
жүзім сату ісі келтірілген. Аллаһ тағала Құран кәрімде
«Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға
және дұшпандыққажәрдемдеспеңдер»
деген («Мәида»
сүресі, 2-аят). Ендеше, саналы мұсылман жамандыққа,
күнәға болыспауды өзіне міндет деп білгені жөн.
9. Кісі ақысына қатысты басқа да табыс
көздері
Дінге қайшы табыс табу жолдарына әуелі Аллаһтың
әмірі үшін және мұндай кіріс көзі басқалардың ақысын
мансұқ еткендіктен тыйым салынған. Харам санатындағы
табыс көздеріне келетін болсақ, олар мыналар: есірткі,
арақ-шарап, темекі саудасынан түскен табыс.
Ислам адамды ақыл-естен тандырып, өз іс-әрекетіне
есеп беруден қалдыратын алкогольді ішімдіктер,
есірткі, басқа да есеңгірететін заттардың саудасы-
на тыйым салған. Бұл заттарды тауар айналымынан
шығарған. Сөйтіп, көпшілік арасында маскүнемдіктің,
нашақорлықтың кең жайылуының алдын алған.
Бұл жолдағы саудагерлер - қоғам үшін аса қауіпті
қылмыскерлер. Олар үшін адам өмірі түк емес. Аз күндік
бас пайдасына бола адамдарды шыңырауға құлатып
қарап отырады. Әдетте, есірткінің дәмін татып, оған
бой алдырған адамдар ақыл-ой, сана-сезім, ар-ождан,
намыс-ұят секілді адами қасиеттерден жұрдай болады,
сосын жан түршігерлік қылмыстарға бой ұрып, ауруы-
нан айығуға күш-қайрат таба алмайды. Бұл - тұтастай
ұрпақтың, елдің ақысының бұзылғаны.