Previous Page  172 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 172 / 216 Next Page
Page Background

172

Ала жіпті аттама

имам тауардан түскен кірістің бәрін садақа қылып

таратқан екен. Оның осындай тақуалығы рухани

өміріне де, дәулетіне де береке әкелген.

4. Алыпсатарлық (Спекуляция)

Спекуляция немесе жалпақ тілмен айтқанда

алыпсатарлық дегеніміз – харам жолмен баюды

көздеген сауданың бір түрі. Өз қалтасының қалыңдауы

үшін халыққа қажетті тауарды көп мөлшерде сатып

алып, сол тауарға сұраныс туған кезде бағаны күрт

өсіріп айналымға шығару - дініміздің харам еткен

ісі. Алыпсатарлық нарықтағы тепе-теңдікті бұзып,

қоғамда қымбатшылық туындатады. Алпауыт алыпса-

тарлар жеке бас пайдалары үшін талайды жарға жығуға

бар. Өз мүдделерін халықтың, қала берді мемлекеттің

мүддесінен жоғары қояды, нарықты билеп-төстеп,

қолдан дағдарыс жасайды, сосын нарыққа тауар немесе

ақша қаптатып нарықтың өзге қатысушыларын бәсекеге

төтеп бере алмайтындай дәрменсіз хәлге ұшыратады.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

харамға құрыл-

ған мұндай алыпсатарлық жайлы былай дейді:

«Тауар-

ды қымбаттасын деп тығып ұстағандар – қателікке

ұрынғандар»

227

. Шынымен де олардың әрекеттері бірегей

жаңсақ есепке құрылған. Тағы бірде Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

алыпсатарлардың ақыреттік күйін бы-

лай деп жеткізеді:

«Кімде-кім халыққа қажет та-уарды

қырық күннен артық тығып ұстаса, ол Аллаһтан алыс,

Аллаһтың рақымы (мейірбандығы) да одан алшақта

болады»

228

. «

Күнәһардан басқа ешкім ешқашан тауар-

227

Мүслим. Мүсақат 129; Әбу Дәуіт. Бүю 49; Тирмизи. Бүю 40.

228

Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 2/33.