Previous Page  169 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 216 Next Page
Page Background

169

Сауда ісіндегі кісі ақысы

майды. Дініміз сауда ісін жүргізуде тұтынушының

құқықтарын сақтауды әмір еткен. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бірде Мәдина базарында бидай сатқан

саудагерлерді тексеріп жүреді. Бетіндегі дәндері сапа-

лы болып көрінген бір қапқа қолын сұғып көргенде,

бидайдың ылғал екенін байқап қалады. Сосын көпеске

қарап: «Мұның не?» деп кейіс білдіреді. Сатушы: «Уа,

Аллаһтың елшісі, жаңбыр тиіп ылғалданып қалған еді»,

– деп ақталғанда, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Бізді алдаған бізден емес», – дейді

223

.

Аллаһ тағала Құранда:

«Дұрыс өлшеп, дұрыс

тартыңдар»

,

«Кем өлшеп сатқандарға нендей

өкініш!»

– деген («Әнғам» сүресі, 152-аят; «Мутаф-

фифин» сүресі, 1-аят). Таразыдан жеудің басқа бір

аты - ұрлық десек, қателескеніміз емес. Ал, ұрлықтың

түбі - қорлық екені әмбеге аян. Дініміз өлшеп саты-

латын тауарларды таразыда артығымен бергенді қош

көрген. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

сатушыларға

қаратып:

«Сатылатын затты өлшегенде таразы та-

сын ауырлатыңдар»

деген

224

.

Бүгінгі таңда тұтынушыға бір уыс дәнді артық

тарту былай тұрсын, таразыда туралық сақтаудың

өзі қиынның қиынына айналғандай. Базарда сауда

жасайтындардың көбі таразыларын қолдан бұрмалап

көрер көзге, ашықтан-ашық кісі ақысын жейді және

бұдан көпшілік те бейхабар емес.

Саудагер тауардың қасиеттері мен сапасы тура-

лы толық мәлімет беруі тиіс. Тауардың ақауы болса,

223

Мүслим. Иман 164; Тирмизи. Бүю 74; Әбу Дәуіт. Бүю 52; Ибн

Мажә. Тижарат 36

224

Әбу Дәуіт. Бүю 7; Тирмизи. Бүю 64; Ибн Мажә. Тижарат 34;

Нәсаи. Бүю 54; Дарими. Бүю 47.