Previous Page  151 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 216 Next Page
Page Background

151

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

есесі ақыретте бетпе-бет келіп сауабыңмен бөліскенде,

сауабың жетпесе, оның күнәларын арқалағанда ғана

қайтады.

Мақшарда жиған-терген сауаптан оп-оңай қағылып

қалмау үшін тілге ие болған жөн, айналадағылармен

достығыңды бұзатын өсектен шаян мен жыланнан

қашқандай қашу керек. Жалған дүниенің аз күнінде сіз-

біз деп сыйласып өткенге не жетсін?!»

195

.

Бір ауыз сөз ішіңе сыймады ма? (Оқиға)

Табиғиннің сыйлы тұлғасы Хасан әл-Басриге біреу

келіп: «Пәленше сені жамандады» дейді. Сондағы ара-

ларында болған әңгіме сарыны мынадай:

– Оны қайда көрдің? – дейді Хасан.

– Үйінде қонақта болдым, сонда естідім, – дейді

сөз тасушы.

– Қонақасының дастарханы бай ма екен?

– Иә, мол дастархан жайып сыйлады, тойғанша

ішіп-жедік, – дейді анау.

– Осынша тамақ ішіңе сыйғанда, бір ауыз сөз

ішіңе сыймады ма? – деп ренжіген Хасан Басри: «Егер

айтқаның рас болса, істейтін төрт амалым бар. Тілімді

безеп шағынбаймын, жүрегіме кек сақтамаймын, дүние

мен ақыретте оған дұшпан болмаймын, ақымды талап

етпеймін. Бұйырса, онымен бірге жұмаққа барармын.

Маған сөз тасығаныңдай мұны оған да жеткіз. Ондағы

тапталған ақымды кешірдім. Сен де одан барып разылық

ал»

196

, – деп өсекшіні де, сөз тасушыны да жөнге салған

екен.

195

Ахмет Шахин. Заман газеті. 14 ақпан 2007 жыл.

196

Риязус-салихин.