146
Ала жіпті аттама
Сөз тасыған адамға өзінің қылығы елеусіз
көрінгенімен, мұның азабы ауыр болатыны мына хади-
сте айтылады. Бірде Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
екі
қабірдің қасынан өтіп бара жатып,
«Бұл екеуі де қаперіне
алмаған күнәлардан қабір азабын тартып жатыр.
Біреуі - сөз тасығаны үшін, ал екіншісі болса, дәрет
сындырғанда сақтанбағаны үшін» деген еді
190
.
Көпшілік мұсылман осылайша «бір-екі ауыз сөз не
тәйірі», «бір-екі тамшыда тұрған не бар?» деумен ада-
сады, азапқа ұрынады. Негізі кішкентай күнә қайталана
берсе, таудай көлемге ие боларын ұмытпаған жөн. Айша
анамызға (р.а.) жала жабылып, сол бүлік сөзді елге
жайғандарға Құран:
«Сол уақытта өсекті ауыздан
ауызға таратып, көздерің жетпеген нәрсені жайып,
болмашы нәрсе ғана деп ойласаңдар, ол Аллаһтың
алдында зор іс еді»
, – деп ескерткен («Нұр» сүресі, 15-
аят).
Ғайбаттау былай тұрсын, кісінің артынан
«бетіме телміре қарады» деген секілді көңілге тиетін
қарапайым сөздердің өзі кісі ақысының тапталғаны бо-
лып есептеледі. Неге екені белгісіз, өтірікке, зинаға,
ұрлыққа, намазды тәрк ету секілді күнәлардың маңына
да жуымайтын, «дінге, иманға, халыққа қызмет етемін»
деп жанұшыра жүгіріп жүрген саналы азаматтарымыз
тіл бәлесі ғайбаттың алдында дәрменсіздік танытып қоя
береді. Бұл дегеніңіз, діннің бір әмірін қабылдап, келесі
бір әмірін құлаққа қыстырмау емес пе? Кітабымыз
Құранда жүрегіндегі иманы әлсіз мұсылмандар тура-
лы:
«Сендер кітаптың кей бетіне сеніп, кей бетіне
қарсы келесіңдер ме? Сендерден кім бұлай істесе,
әрине, олардың жазасы дүние тіршілігінде қорлық,
190
Бұхари. Уду 55, 56. Жәнаиз 82. Әдеп 49.