Previous Page  147 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 216 Next Page
Page Background

147

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

қиямет күнінде сұмдық азап болады. Аллаһ тағала

істеген істеріңнен хабарсыз емес»

, – деп айтқанын

естен шығармайық. («Бақара» сүресі, 85-аят).

Басқалардың айыбын әшкерелеуге ешқандай да

қақымыз жоқ. Мәселен, әл-ауқатыжақсы бауырымыздың

үйін қымбат жиһазбен толтырғанын көрсек, ол туралы

«пәленшекең көзінешел бітіпөзгерді, дүниенің қызығына

алданып, жиған-тергенімен шаңырағын сәндепті» деу

әбестік саналады. Өйткені, жақсы тұрмыс, жайлы үй

иелену дінде харам емес, ал мұны өсек сөздің желеуіне

айналдырып, адамды шенеп-мінеу харам. Жұпыны

киіну, шидің үстіне жату тақуалықтың бір нышаны

шығар, бірақ, жұрттың барлығы солай күнелтуі керек

деген түсінікке орын жоқ. Тақуалық - дәмді дастархан

мен қымбат матадан киінуге қарсы тұру деп ұқпауымыз

керек. Өмірде бай бола тұра қызылды-жасылды дүниеге

берілмей, керек кезде тәрк ете алар тақуалардың болғаны

секілді, өмір бойы кедейліктен көз ашпаса да тақуалыққа

әсте бой ұрмаған адамдар болған.

Қымбат шапан жамылып, бағалы көлік мінгендердің

ісі ысырап саналуы да, саналмауы да мүмкін. Шынту-

айтында, мәселенің бәрі ниетке кеп тіреледі. «Маған

мұсылман еместер сынай қарайды, Исламның абыройы

үшін сәнді, жарасымды киінуім керек» деген адам гар-

деробын толтырып киім жинаса, мұнысы харам емес,

аздаған шашып-төгу ғана болмақ. Ысыраптың да түрлі

деңгейі бар. Сондықтан, дүние жиған мүминдердің

әрекетін күстәналап «ысырап етуін қарашы» деп сөгу

дұрыс емес.

Имам Ғазали «Мұсылман еместі ғайбаттаудың үкімі

не болмақ?» деген сауалға былай дейді: «Ғайбат сөзді

мұсылман айтса үш нәрсеге себеп болғандықтан тыйым