138
Ала жіпті аттама
«...Сондықтан, өздеріңді өздерің ақтамаңдар. Ол
кімнің тақуа екенін жақсы біледі
(«Нәжм» сүресі, 32-
аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһ үшін
кішіпейіл болғанның абыройы үстем болатынын ай-
тып, өзі де осыған үлгі болған. Әнестің (р.а.) айтуынша,
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
балаларға да ерекше
көңіл бөлетін, ойнап жүрген қарадомалақтардың қасынан
өтіп бара жатып оларға сәлем беруді ұмытпайтын
171
.
Тіпті, ол Мәдиналық біреудің малайы қолынан ұстап
бірталай жерге апарғанда да қарсылық білдірместен
кішіпейілдікпен жетектеген жағына барған екен
172
.
Кішіпейіл болудың бір белгісі – көпшіліктен
бөлінбеу, өзіңді жұрттан артық санамау. Айша ана-
мыз (р.а.) «Пайғамбарымыз үйде не істеуші еді?» – деп
сұрағандарға: «Отбасының шаруасын қамдайтын. На-
маз уақыты болғанда, намазға тұратын», – деп жауап
қатқан
173
.
Әбу Рифаға (р.а.) былай деген: «Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
құтпа айтып жатқанда қасына барып:
«Уа, Аллаһтың елшісі, дінін білмейтін бір ғаріп дінін
үйренуге келді», – дедім. Ол маған бұрылып қарады,
сосын ісін доғарып қасыма келді. Оған дереу төсеніш
әкелінді. Жайғасып отырды да, Аллаһ тағала білдірген
нәрселерді маған баяндады. Маған айтатындарын
айтқан соң, қайтадан құтпасын жалғастырып, сөзін
аяқтады»
174
.
171
Бұхари. Истизан 15; Мүслим. Сәлем 15; Әбу Дәуіт. Әдеп 136.
172
Бұхари. Әдеп 61.
173
Бұхари. Азан 44, Нәфақат 8, Әдеп 40.
174
Мүслим. Жұма 60.