Previous Page  134 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 216 Next Page
Page Background

134

Ала жіпті аттама

уырын кемсітіп қорлаған мұсылманның бір басына

жетіп артылар күнә арқалайтынын білу, мұсылманды

күндемеу, саудасының шырқын бұзбау, мұсылманнан

теріс айналмау және өзге де адамзат әдебіне қатысты

мәселелер мұсылманның өзгермес өмірлік ұстанымы

екен.

13. Ешкімді кемсітпеу, сөкпеу,

бейпіл сөз айтпау, менменсімеу,

жасандылыққа бой ұрмау

Кішіпейілдік пен мейірім - кісі ақысын сақтаудың

басты кепілдіктерінің бірі. Тәкаппарлық пен менмендік

- өзгелерді кемсітуге, менсінбеуге, кісі ақысын

аяққа таптауға алып келетін адамгершіліктен алыс

қасиеттер.

Тәкаппарлық дегеніміз – өзімшілдікпен басқаларға

менсінбей қарау. «Кішіпейіл адамдардың Хақтың

құзырында да, халықтың назарында да абыройы асқақ

болады. Керісінше, танауын көтеріп, кеудесіне нан

пісіп, өзгелерді қор санап, көкірек кергендерге халық

ешқашан оң қабақ танытпаған, олардың Хақ тағаланың

алдында да тартар жазасы ауыр. Кішіпейілділік –

Жаратушының разылығын да, көпшіліктің мадағын

да тудыратын айрықша мінез. Әу бастан әлін біліп,

қоғамға ізгі ниетпен қараған пенделер өзгенің тоң-теріс

қылықтарынан қағажу көрмейді. Баршаға үстемдік ету

Аллаһқа ғана жарасымды қасиет болғандықтан, дандай-

сып тәкаппарланғандар Аллаһтың қаһарына ұшырап

отырған. Кішіпейілдік танытқандардың дәрежесі әманда

биіктерге көтерілген»

166

.

166

М.Ф. Гүлен. Өлчу уәя йолдаки ышыклар. 117 б. – Стамбул: Нил

баспасы. 2008.