130
Ала жіпті аттама
та оның мұқтаждығын өтейді. Кімде-кім қиындыққа
тап болған мұсылманды қайғысынан құтқарса, Аллаһ
та оны қияметтің бір қайғысынан құтқарады. Кімде-
кім мұсылманның айыбын, кемшілігін жасырса,
қиямет күнінде Аллаһ та оның айыбы мен кемшілігін
жасырады»
152
.
«Бір-біріңді күндемеңдер, тауардың бағасын
өздерің алмайтын қымбат құнға көтеріп, аларман-
ды таластырмаңдар. Бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-
біріңнен теріс айналмаңдар, бір-біріңнің үстінен сау-
дасын бұзбаңдар. Уа, Аллаһтың құлдары, бір-біріңе
бауыр болыңдар! Кісі бауырына қиянат жасамайды,
көмексіз қалдырмайды, қорлап, келекеге айналдыр-
майды»
– дейді де пайғамбарымыз Мұхаммед
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
үш рет кеудесін нұсқап:
«Тақуалық – мұнда.
Адамның мұсылман бауырын кемсітіп қор көруі күнә
ретінде өзіне жеткілікті. Мұсылманға мұсылманның
қаны, малы және намысы харам»
, – деді»
153
.
«Мүминдер бір-біріне жанашырлық көрсетуде
және бірін-бірі қорғауда бейне бір адам ағзасы секілді.
Шаруаға бірі қалмай атсалысады, бір мүшесі ау-
ырса, бүкіл ағзасының қызуы көтеріліп, сырқатқа
шалдығады»
154
.
«Адам баласына мейірімділік танытпаған жанға
Аллаһ та мейіріммен қарамайды»
155
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әрдайым
мүминдерді бауырмал болуға, сыйластыққа үндеген.
Соның бірі «Өзіне тілегенді бауыры үшін де тілемейінше,
152
Бұхари. Мәзалим 3; Мүслим. Бирр 58.
153
Мүслим. Бирр 32; Бұхари. Әдеп 57.
154
Бұхари. Әдеп 27; Мүслим. Бирр 66.
155
Бұхари. Әдеп 18, Тәухид 2; Мүслим. Фәзаил 66; Тирмизи. Бирр
16, Зухд 48.