Previous Page  135 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 216 Next Page
Page Background

135

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

Адам баласының астамшылығы мен тәкаппарлығы

өзіне қазылған ор екенін түсіндіретін көптеген аят-

тар бар. Ақырет нығметі өзін өзгелерден артық санап

масаттанбағандарға берілетінін, Аллаһтың тәкаппар

жандарды сүймейтінін мына аяттардан байқаймыз:

«Міне, мәңгілік ақирет тұрағы. Оныжер жүзінде

астамшылдыққылудыжәне лаңсалыпбүлікшығаруды

қаламағандарға нәсіп етеміз. Ақырғы жетістік

Аллаһқа асылық қылудан сақтанған тақуаларға тән»

(«Қасас» сүресі, 83-аят).

«Жер бетінде дандайсып жүрме. Өйткені, жерді

сен жаратпадың, бойыңмен таулармен де теңесе

алмайсың»

(«Исра» сүресі, 37-аят).

«Адамдарға паңданып қырын қарама және жер-

де кердеңдеп жүрме. Шынымен Аллаһ дандайсып,

масаттанғандардың ешқайсысын жақсы көрмейді»

(«Лұқман» сүресі, 18-аят). Осы арада қу дүниеге әсте

тоймай-ақ кеткен асьамшыл Қарунның сарайымен қоса

жермен-жексен болғанын еске сала кетейік

167

.

Менмендік – кісі бойындағы жаман мінездің ба-

стысы, кісі ақысын мансұқ етудің бірден бір көрінісі.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мүминдерді тәкаппар

болудан тыйып отырған. Абдуллаһ ибн Мәсғудтан жет-

кен риуаятта Аллаһ елшісі

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Жүрегінде

титтей де тәкаппарлық ұшқыны бар адам жәннатқа кіре

алмайды», – деген сәтте маңайындағы сахабалардың

бірі: «Уа, Аллаһтың елшісі, кез келген адам үстіндегі

киімінің жарасымды, әдемі болғанын қалайды ғой.

Бұл да тәкаппарлыққа жата ма?» – деп сауал қояды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Шынымен Аллаһ тағала аса

көркем, көркемдікті сүйеді. Ал, тәкаппарлық болса,

167

«Қасас» сүресі, 76-81 аяттар