126
Ала жіпті аттама
Мұсылманның мұсылман алдындағы бес ақысының
бірі – сырқаттың көңілін сұрау, жаназасына бару
146
. Осы
айтылғандай науқастың көңілін сұрау, жарық дүниедегі
татар талқаны таусылғанның жаназасына бару, жана-
за намазы оқылып, қабірге қойылғанда басында болу,
марқұм жерленгеннен кейін де зират басында біршама
бөгелу секілді міндеттер жеке-жеке талқыланып,
мұсылманның мойнына жүктелген.
Мына құдси хадиске көз жүгіртейік:
«Қиямет күні Аллаһ тағала пендесінен былай деп
сұрайды екен:
– Уа, пендем, мен ауырғанда неге көңілімді сұрап
келмедің? Сонда адам:
– Сен күллі әлемнің Жаратушысы емессің бе? Сен
ауырушы ма едің? – деп таңырқайды.
– Пәлен деген құлым ауырғанда көңілін сұрап
бармадың. Соған барғаныңда мені қасынан табар едің.
Мұны білмейтін бе едің? Мен сенен тамақ сұрадым, неге
ештеңе бермедің?
– Сен әлемнің Жаратушысы емессің бе? Сен
ашығушы ма едің?
– Пәлен деген құлым сенен тіске басар азық сұрады,
сараңдық таныттың. Оны ауқаттандырып, алғысын
алғаныңда, азығыңды менің жанымнан табар едің. Мұны
білмейтін бе едің? Мен шөлдегенде неге су бермедің?
– Сен әлемнің Жаратушысы емессің бе? Сен
шөлдеуші ме едің?
146
Бұхари. Жәнаиз 2; Мүслим. Сәлем 4.