124
Ала жіпті аттама
бауырына жәрдемдескен кісіге Аллаһ та жәрдем
береді»
делінген
142
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
тағы бірде:
«Мұсылмандардың бір-бірінде төрт ақысы бар:
жақсыларына болысу, күнәһарлары үшін кешірім тілеу,
туражолдан тайғандарға дұға ету, тәубеге келгендерін
жақсы көру»
дейді. Хадистегі «күнә жасағандары үшін
кешірім тілеу, тура жолдан тайғандарға дұға ету» де-
ген жерге тағы да назарларыңызды аудартқымыз келіп
отыр. Біз көбіне күнә мен күнәні істеген мұсылманның
ара жігін ажырата бермейміз. Күнәні жек көру өзіміздің
мұсылман бауырымызға тиіп кетіп жатады. Абайсыз-
да күнә жасап қойған адамға кешіріммен қарамай, оны
«жығылған үстіне жұдырық» деп мінін бетіне баса беру
жөн бе екен?
Аш-жалаңаш жүрген, тұрмысы жұпыны пен-
де көмекке қаншалықты зәру болса, рухани азыққа
шөліркеген жан да дәл сондай көмекке мұқтаж. Егер
адамның иманы кәміл болса, мейлі ол тақыр кедей
болсын, мейлі ол мүгедек болсын, бәрібір мүсіркеуге
келмейді. Көргенге халі ең аянышты жан - Аллаһты
танымаған адам.
Мына бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм):
«Кімде-кім жақсылыққа лайық болсын, бол-
масын, жәрдем етуде алалама. Жақсылыққа лайық
адамға дөп келсең, жақсылығың сол адамға тиесілі
болады. Жақсылыққа лайық емес адамға тап болсаң,
жақсылығың өзіңе тиесілі болады»
, – деген екен.
Хазірет Хүсейіннің (р.а.) Пайғамбарымыздан
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
жеткізген хадисі де жақсылық жасаудың
шапағаты мол іс екенін алға тартып:
«Иманнан кейінгі
142
Мүслим. Сахих 4/2074; Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 2/252.