119
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
ойды қуаттай түседі. Үммі Күлсім бинти Ұқба ибн Әбу
Мұғайт (р.а.) жеткізген риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
адамдар арасын жарастыру үшін айтылған
өтіріктің күнә емес екенін айтқан
131
.
Осыдан-ақ, дініміздің ренжіскендерді татула-
стырып, дұшпанды достастыруға үлкен мән бергенін
көреміз. Бір-біріне өкпелі мұсылмандарды көре тұра
оларды татуластырмау иман иесіне мүлде жараспай-
ды. Өзіне тілеген нәрсені өзгеге тілемеген жан мүмин
емес. Мұсылман адам адамзаттың бақыты үшін титтей
болса да үлес қосу арқылы ғана нағыз иманның дәмін
татпақ.
8. Мұсылманның айыбын жасыру, ізін
аңдымау
Құран кәрім мұсылмандардың айыбын жария ет-
пеу керек екенін мына аятта білдіреді:
«Шынымен
де мүминдердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы
көргендерге дүние мен ақыретте күйзелтуші азап
бар. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер»
(«Нұр» сүресі,
19-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
да:
«Кімде-кім
мұсылманның айыбын жасырса, қиямет күні Аллаһ та
оның айыбын жасырады»
, – деген
132
. Бұл тақырыпта
айтылған тағы бір хадис мынадай:
«Үмбетімнің
жасаған күнәсін жария қылғандарынан басқасының
бәрі кешіріледі. Бір кісінің түнде күнә жасап, Аллаһтың
оны жасырғанын және жарияламауын талап еткеніне
қарамастан, таңертең тұрып, «мен түнде мынадай іс
істедім» деуі - жария күнә. Түні бойы Раббысы оның
131
Бұхари. Сулх 2; Мүслим. Бирр 101.
132
Бұхари. Мәзалим 3; Мүслим. Бирр 58; Әбу Дәуіт. Әдеп 38.