Previous Page  118 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 118 / 216 Next Page
Page Background

118

Ала жіпті аттама

Бір дін ғалымы шәкірттерінің әлдебір нәрсеге

келіспей, өзара дауласып қалғанын көргенде жыларман

болып: «Бауырларымнан сұрайтыным– рух таяздығынан,

нәпсі мен шайтанның уәсуәсасымен не болмаса ойлан-

бастан айтылған артық-ауыс сөздерге мән бермеңдер.

Арыма нұқсан келтірді деп жалған намысқа ұрынбаңдар.

Ашуға ерік бермеңдер, жеке басымның қадірін, абырой-

ын қаншалықты жоғары санасам, соншалықты төмен

иіп, бауырларымның ынтымағы мен кіршіксіз көңілі

үшін құрбан етемін», – дегені бар еді

129

.

7. Ренжіскен мұсылмандарға ара

ағайын болып татуластыру

Бір-бірімен ренжіскен мұсылмандарды татуласты-

ру, ынтымаққа шақыру Аллаһтың мүминдерге берген

әмірі екенін ұмытпаған жөн. Онысын Құрандағы:

«Шын

мәнінде мүминдер туыс. Сондықтан, араздасқан

туыстарыңның арасын жарастырыңдар және

Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер»

(«Хужурат» сүресі, 10-аят) деген аят арқылы білдіреді.

«...Ендеше мүмин болсаңдар, Аллаһтан қорқып

тату болыңдар. Және Аллаһқа, Пайғамбарына

бағыныңдар»

(«Әнфал» сүресі, 1-аят),

«Кімде-кім

садақа беруді, жақсылықты немесе адамдардың ара-

сын жарастыруды әмір етсе, ол қайырлы»

(«Ниса»

сүресі, 114-аят) деген аяттар ара ағайындықтың қайырлы

іс екенін, мұсылмандардың бірлігі мен татулығына сеп

болатынын айтқан.

Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ренжіскен екі

адамдыжарастырудың садақа екенін айтуы

130

да айтылған

129

М.Ф. Гүлен. Кырык тести. 2005.

130

Бұхари. Сулх 11, Жиһад 72, 128; Мүслим. Зекет 56,