Previous Page  123 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 216 Next Page
Page Background

123

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген хадисте

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мұсылманның

мұсылман бауырындағы ақысы алтау екенін айтып,

олардың біреуі алдыңғы хадисте айтылғаннан бөлек «о

дүниелік мұсылманның сыртынан жақсы сөз айтып еске

алу» екенін айтқан

140

.

Жоғарыда тоқталған мәселелерді қорытындылай

келе түйгеніміз, мүмин - адам айналасында болып

жатқан оқиғаларға мұсылманға тән қырағылық таны-

тып, әр нәрседен сабақ ала білмек. Және де тек қана

Аллаһ пен елшісінің

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

көрсеткен жо-

лын ұстанып, мұсылмандардың мұңын мұңдап, жоғын

жоқтайтын, атаның емес адамның баласы болмақ.

10. Қолда бар мүмкіндікті

мұсылмандардың игілігіне жұмсау

Аллаһ тағала Құран кәрімде:

«Олардың дүние-

мүліктерінде сұрағанның да, сұрамағаның да үлесі

бар»

деген («Зарият» сүресі, 19-аят). Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

мүминнің зекеттен басқа да әлеуметтік

міндеттері барын айтқан. Мұсылман мүмкіндігінше

тікелей, не болмаса басқалардың көмегіне жүгініп,

діні бір бауырларының тұрмысын түзеуге, әл-ауқатын

жақсартуға көмектесуі тиіс.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

бір хадисінде:

«Менің қасыма келіп керек-жарағын сұрайтындар

аз емес. Бұйымтаймен келгендердің арызын маған

жеткізіп тұрыңдар, сауабын аласыңдар. Аллаһ тағала

да пайғамбарының қолымен жақсы көрген нәрсесін

жеткізіп тұрсын»

, – деген

141

. Басқа бір хадисте

«Діндес

140

Жәссас. Ахкамул-Құран 5/165.

141

Мүслим. Бұхари.