Previous Page  121 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 121 / 216 Next Page
Page Background

121

Мұсылманның бір-біріндегі ақысы

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Күмәншіл болу-

дан сақтаныңдар. Орынсыз күмән – сөздің ең жалғаны.

Жел сөзге құлақ түрмеңдер. Жұрттың айыбын

іздемеңдер»

, – деген

135

. Тағы бірде:

«Мұсылмандардың

бойынан мін іздеп бәлеге соқтықпаңдар, олардың

тәрбиесін бұзасыңдар не болмаса бұзуға

итермелейсіңдер»

деп

136

, кісінің артына шам алып

түсуді адамдардың мінез-құлқындағы жаман қылық деп

түсіндірген.

Абдуллаһ ибн Мәсғудтың (р.а.) алдына жазаға тарту

үшін бір адамды: «Бұл сақалынан шарап тамған пәленше

деген маскүнем» деп алып келеді. Сонда ибн Мәсғуд

бұларға қарап тұрып: «Біз адамдардың кем-кетігін тек-

серуден тыйылдық. Өздігінен көзге бадырайып көрініп

тұрған кемшілік болса, оның жөні бір басқа. Оған шара

қолданамыз», – деген екен

137

.

Дінімізде берілетін жаза кісінің сыртқы тұрқына

емес, қия басқан қадамына, қисық қимылына қарап

тағайындалады. Кесімді билік айту үшін нақты айғақ

қажет. Исламда жария түрде күнә істеген, не болмаса

қылмысы дәлелденген адамдарға ғана жаза берілген.

Өмірде сүттен ақ, судан таза, қателіктен ада адам

болмайды. Сондықтан, әлдекімнің Аллаһтан қорқып,

не болмаса халықтан ұялып жасырған айыбын ізіне

түсіп әшкерелеу – әманда мұсылмандыққа жатпайды.

Керісінше, кісінің жамандығын жасырып, жақсысын

асыру мүмин үшін жарасымды емес пе?

135

Мүслим. Бирр 30.

136

Әбу Дәуіт. Әдеп 37.

137

Әбу Дәуіт. Әдеп 37.