Previous Page  120 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 216 Next Page
Page Background

120

Ала жіпті аттама

күнәсін жасырған, бірақ таң ата салысымен Аллаһтың

жасырғанын өзі әшкереледі»

133

.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жасаған күнәсі

үшін жазаға тартылған әлдекімді бір сахабаның «Аллаһ

сені лағынет етсін» деп сөккенін естіп,

«Олай демеңдер,

бүйтіп шайтанға болыспаңдар»

134

деп ренжіген бола-

тын. Адамның айыбын бетіне басудың жаман екенін

осыдан-ақ білеміз.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

тағы бірде:

«Тың

тыңдаған адамның құлағына қиямет күні ерітілген

қорғасын құйылады»

, – деген екен.

Адамдардың ізін аңду, кем-кетігін шұқылау -

жиіркенішті қылық. Әсіресе, бүгінгі жариялылық

үстемдік құрған уақытта бұқаралық ақпарат құралдары

арқылы қоғам қайраткерлері мен саясаткерлердің, әртіс

пен әнші секілді халыққа танымал адамдардың жүрген-

тұрғанын жіпке тізіп, жеке өміріне қол сұғу - кісі ақысын

бұзудың ең сорақысы. Жеке мүдделері үшін адамдардың

немесе ұйымдардың ізін кесу, тыңшылық қызметке

жүгіну, не болмаса жасырын тыңдау құрылғыларын

орнатып қол жеткізген ақпар арқылы бопсалау да - кісі

ақысына нұқсан келтірудің бір түрі.

Дініміз адамдардың басқан ізін аңдып, жеке істерін

жария қылуға тыйым салады. Аллаһ тағала Құранда:

«Уа, мүминдер, бір-біріңді аңдымаңдар»

, – деген

(«Хужурат» сүресі, 12-аят). Келесі бір аят:

«Мүмин ер

адамдар мен мүмин әйелдерді жазықсыз кейіткендер

болса, олар мойындарына ауыр күнә жүктеп алды»

,

– дейді («Ахзаб» сүресі, 58-аят).

133

Бұхари. Әдеп 60; Мүслим. Зухд 52.

134

Бұхари. Худуд 4-5; Әбу Дәуіт. Худуд 35.