125
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
ең үлкен сапуапты іс - халыққа сүйкімді болу және
шама келгенше жұрттың бәріне жақсылық жасау»
143
,
– дейді.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһуаләйһиуәсәлләм)
тағыбірде:
«Тілдің
садақасынан асқан садақа жоқ»
дейді. «Уа, Аллаһтың
елшісі, тіл садақасы не үшін басқа садақалардан
жоғары?» деген сахабаларына: «Тіл арқылы қантөгістің
алдын алуға болады. Сол тіл мұсылманға жол ашады
және соның арқасында мұсылманға төнген қауіп жойы-
лады», – деп жауап қатқан екен.
11. Науқастың көңілін сұрау, қайтыс
болған жанның жаназасына қатысу
Мұсылман діндес бауырының жаназасын
шығарысуға қатысып, сәті түсіп, орайыкелгенде қабірінің
басына баруы тиіс. Қабір басына бару өмірдің пәнилігін
еске түсіреді, нәпсіні бір сәтке болса да тежейді, күнәдан
алыстатып, ақыретке дайындалуға итермелейді. Бұл ту-
ралы айтылған хадистер де жеткілікті
144
.
Науқас бауырының көңілін сұрау, аурудан айығуын
тілеп дұға ету - мұсылманның міндеті. Абдуллаһ ибн Аб-
бастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
ауырып дүние саларда Али (р.а.) халін сұрап оған
кіріп шығады. Сахабалар Алиден Пайғамбарымыздың
жай-күйін сұрайды. Хазірет Али: «Құдайға шүкір, ау-
руын жеңе білді» – деп, мұсылманға әрдайым жақсы
сөйлеудің өнегесін танытқан екен
145
.
143
Табарани. Мүжәмул-Әусат 5/120, 6/156; Әбу Нуғайым. Хилие
3/203; Құдаи. Мүснәдул-Шихаб 1/147
144
Бұхари. Жәнаиз 2; Мүслим. Сәлем 4-6; Тирмизи. Әдеп 1; Ибн
Мажә. Жәнаиз 1; Ахмед ибн Ханбәл. әл-Мүснәд 2/332, 372, 412,
540.
145
Бұхари. Мәғази 83, Истизан 29.