129
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
Исламның саясында олар қанды кектерін ұмытып, та-
бысты
151
. Аяттағы «Аллаһтың жібіне нық жабысыңдар»
деген жолдар бейнелі сөз, яғни эпитет болып табылады.
Мұндағы Аллаһтың жібі – адамдық келбеттен адасқан,
алжасқан тобырды сұрапыл сұмдықтан құтқару үшін
оның көктен түсірген діні мен кітабы. Дін мен кітапқа
нық жабысып, ондағы әмірлер мен тыйымдарға құлақ
асқандар ғана есендікке кенеледі.
Әркімнің әртүрлі көзқарас білдіруі табиғи нәрсе.
Алуан түрлі салиқалы пікір адам баласын ізгілікпен
дамуға жетелейді. Мұны Құран кәрім былай жеткізеді:
«Егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үмбет қылар
еді. Аллаһ тағала сынақ үшін оларды еркіне қойды,
сондықтан да олар үнемі қайшылықта»
(«Худ»
сүресі, 118-аят). Аллаһ тағала адам баласын ақылы, ой
өресі, қабілеті тұрғысынан әрқилы жаратқандықтан,
оларда алуан көзқарастың орын алуы қалыпты нәрсе.
Сондықтан ішкі пайымның, түсініктің сан түрлілігі
төзімсіздікке, алауыздыққа апарып соқпауға тиіс.
Дүниетаным алшақтығы адамдарды араздыққа итерме-
лемес үшін әркімнің Аллаһтың кітабын мықты ұстап,
ол айқындаған шектен шықпауы шарт. Тек сонда ғана
кейбір мәселелердегі пікір алшақтығы мүминдердің
жарастығына, бір-біріне түсіністікпен қарауына бөгет
болмайды.
Бауырластық туралы айтылған хадистер легі мы-
надай:
«Мұсылман
–
мұсылманның бауыры. Мұсылман ба-
уырына қиянатжасамайды және оны дұшпанға ұстап
бермейді. Кім бауырының мұқтаждығын өтесе, Аллаһ
151
Суат Йылдырым. Құран хәкімнің түсіндірмелі тәржімасы. «Әли
Имран»/103 тәржімасы және түсіндірме.