Previous Page  122 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 216 Next Page
Page Background

122

Ала жіпті аттама

9. Мұсылманды жамандықтан

сақтандыру

Мұсылман адам басқа бір мұсылманның басына күн

туып, жаны мен малына қауіптің қара бұлты үйірілгенде

қолынан келген көмегін аямайды. Аллаһ елшісі

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм):

«Залым болсын, мейлі қорғаны жоқ панасыз

болсын, ешбірін алаламай мұсылман бауырыңа болыс.

Залымға көмектесуің - оған зұлымдық жасауына жол

бермеуің»

, – деген

138

.

Бірде Хаула бинти Саләба (р.а.) Пайғамбарымызға

келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, шаңырақ көтергенімде

өрімдей жас қыз едім. Күйеуім маған құмар еді. Оған

бірнеше бала туып бердім. Енді міне, қартайған шақта

мені кәрісініп, тастап кетті. Ебін тауып екеуімізді

табыстырсаң игі еді», – деп арызданады. Осыған

орай: «Мужәдәлә» сүресінің бастапқы аяттары түскен

болатын

139

. Аллаһ тағала аят түсіріп сахабаның мұң-

мұқтажын шешіп берген. Мұсылман баласы да осыны

үлгі етіп бауырларына жәрдем беруі тиіс.

Бәра ибн Азиб (р.а.) Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

жеті нәрсені әмір етіп, жеті нәрседен іргені

аулақ салуға үндегенін айтады. Мүминге жарасар жеті

нәрсе мыналар: жаназаға қатысып, қабірдің басына

дейін бару, науқастың көңілін сұрау, мұсылман кісі

әлденеге шақырғанда бару, жазықсыз жәбір көргенге бо-

лысу, берген уәдесін орындау, сәлемді алу, түшкіргенде

«әлхамдулиллаһ» дегенге «йәрхамукаллаһ» деу (Құдайға

шүкіршілік білдіргенге жарылқау тілеу).

138

Тирмизи. Сүнән 4/523; Бәйхақи. Сүнән 6/94.

139

Ибн Мажә. Талақ 25, Мұқаддима 13; Нәсаи. Талақ 33; Ахмед ибн

Ханбәл. әл-Мүснәд 6/46.