117
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
6. Тілімен және қолымен мұсылманға
зиян тигізбеу
«Шынайы мұсылман дегеніміз – өзгеге тіл де, қол да
тигізбеген адам», – деген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
мұсылмандарды бір-біріне зиян келтірмеуге, басқа
түскен тауқыметке шыдамды болуға, мүмин бауырының
жағымсыз қылықтарына кешіріммен қарауға үндейді.
Мына аятта мүминдерге қысым көрсеткендердің үлкен
күнә арқалайтыны айтылған:
«Мүмин ер адамдар мен
мүмин әйелдерді жазықсыз ренжіткендер - әрине,
жұртқа жала жауып, өздеріне ауыр күнә жүктеп
алушылар»
(«Ахзаб» сүресі, 58-аят).
Жұрттан сый – құрмет дәметкен адам бірінші
болып өзі жұртқа құрмет көрсете білуі керек. Осы
тақырыпта айтылған хадистердің бір парасын мысал
етіп алға тартайық. Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (р.а)
жеткізген риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бы-
лай деген:
«Кімде-кім жаһаннамнан қашып, жаннатқа
жақын барғысы келсе, өлімді Аллаһ пен ақырет күніне
сеніп қарсы алсын. Бұған қоса, басқалардың оған оң
қабақ танытқанын қаласа, өзі де жұртқа солай
қарасын»
127
.
Ақыретте қуанышқа кенелу иман үйіріп жан
тапсырғандардың бақытына жазылған. О дүниеге иман-
ды болып аттану үшін адамның көзі тірісінде иманды
болып өмір сүруі керек. Сый көргісі келген адам ал-
дымен сыйлауды үйренуі керек. Өзінің табанына тікен
қадалғанына қиналатын адам өзгенің де өкшесіне тікен
қадалуына қарсы тұруы тиіс
128
.
127
Бұхари. Иман 4; Мүслим. Иман 64, 65; Әбу Дәуіт. Жиһад 2;
Тирмизи. Қиямет 52; Нәсаи. Иман 8.
128
Абдуллаһ Парлыян. Риязус Салихин тәржімесі 457.