Previous Page  112 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 112 / 216 Next Page
Page Background

112

Ала жіпті аттама

Ертеңіне ертемен тағы мешітке бардым. Әлгі жігіт

менен бұрын келіп намазда тұр екен. Намазын бітірген

соң қасына барып:

– Аллаһқа ант етейін, сені жақсы көремін, –

дедім.

– Аллаһ үшін жақсы көресің бе? – деп сұрады.

– Иә, Аллаһ үшін, – дедім.

– Шынымен де Аллаһ үшін жақсы көресің бе? – деп

қайта сұрады.

– Иә, шынымен де Аллаһ үшін жақсы көремін, –

дедім. Сол-ақ екен шап беріп киімімнен ұстап, өзіне

қарай тартты да:

– Құттықтаймын! Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм)

Аллаһ тағаланың былай дегенін айтады:

«Тек

мен үшін бір-бірін жақсы көрген, менің разылығым

үшін жиналған, менің разылығым үшін бір-бірін зия-

рат еткен, менің разылығым үшін садақа беріп, игі

амал жасаған жан менің сүйіспеншілігіме бөленеді»

,

– деді»

115

.

Мүмин бауырын жақсы көріп және сол сезімін

бүкпей айту

116

- мұсылмандар арасындағы татулықтың

басты кепілі.

Имам Ғазалидің мұсылманның мұсылманда ақысы

ретінде осыны талап етуі жоғарыдағы хадистерден ба-

стау алып жатса керек. Сүйіспеншілік болмаған жерде

әуелі немкеттілік, сосын өкпе-реніш, кейін өшпенділік

орын алады. Мұсылман адам қалай болғанда да, бауыр-

ларын жақсы көруге, олардың да жағдайын ойлап, қиын

күндері қол ұшын беруі тиіс.

115

Муатта. Шар 16.

116

Әбу Дәуіт. Әдеп 113; Тирмизи. Зухд 54.