116
Ала жіпті аттама
болғаныңда, олар міндетті түрде маңайыңнан та-
рап кетер еді»
(«Әли Имран» сүресі, 159-аят) аяты
аңғартады. Тағы бір аятта
«Аллаһ тағала жақсылық
істеушілерді сүйеді»
(«Әли Имран» сүресі, 134-аят)
деген хабар бар.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жақсы сөздің жа-
рым ырыс екенін төмендегі хадистерінде білдірген:
«Жарты құрма болса да, садақа беріп тозақтың
отынан сақтаныңдар. Бұған да шамасы жетпегені өзін
жақсы сөз арқылы қорғасын»
123
.
Әбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«
Жақсы лебіз –
садақа»
124
, – деген екен.
Әбу Зәрдан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай дейді:
«Діні бір бауырыңа жы-
миып қарау да жақсылық»
125
.
Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Иманнан кейінгі даналықтың басы – адамдарға
сүйіспеншілік пен жақындық білдіру»
, – деген екен
126
.
Бір-біріне қабақ шытып, бір ауыз жылы сөз қимаған
мұсылмандардың ынтымағы кемиді, бірлігіне сызат
түседі. Сондықтан, бір-бірімізге жылы ұшырай қарап,
жылы-жылы сөйлейік, тату тірліктің ұйытқысы - береке-
бірлік екенін ұмытпайық.
123
Бұхари. Әдеп 34, Зекет 10, Риқақ 49, 51, Тәухид 36; Мүслим.
Зекет 66-70.
124
Бұхари. Әдеп 34, Жиһад 128; Мүслим. Зекет 56.
125
Мүслим. Бирр 144; Тирмизи. Әтғима 30, Бирр 45.
126
Ажлуни. Кәшфул Хафа 2/229.