113
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
3. Мұсылманмен үш күннен астам
уақыт араз болмау
Мұсылман адамның өзіндей мұсылманмен үш
күннен астам уақыт араз болуы - көрер көзге кісі ақысын
бұзуы. Мұсылмандар арасындағы керіс пен тартыс аса
қауіпті, ушықса арты дұшпандыққа, ел ішіндегі іріткіге,
бүлікке ұласып кетуі мүмкін. Діндес бауырлардың бір-
бірімен жауығуы - үлкен күнә. Себебі, мұсылмандар
туыс, әрі Аллаһ әманда араздасқанды жек көреді.
Сондықтан, ақыретке кісі ақысын жүк еткісі келмейтін,
Пайғамбар сүннетімен жүріп-тұрғанды қалайтын сана-
лы мүмин мұндайға жол бермейді. Нәпсісіне ауыр тисе
де, райынан қайтып ренжіскен адамымен тездетіп тіл
табысуға тырысады.
«Шын мәнінде мүминдер өзара туыс. Сондықтан,
туыстарыңның арасын жарастырыңдар және
Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер»
деген («Хужурат» сүресі, 10-аят) әмірі мүминдердің
өзара бауыр екенін, басқа бауырларының арасынан
қара мысық жүгіріп өткенде ара ағайындық жасау
керек екенін білдірсе,
«Жақсылыққа, тақуалыққа
жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа қол ұшын
созбаңдар. Аллаһтан қорқыңдар...»
(«Мәида» сүресі,
2-аят) деген аят мұсылмандардың күнәда, дұшпандықта
бір-біріне болыспауға тиіс екенін білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.с) да:
«Бір-біріңмен қарым-
қатынасты үзбеңдер, бір-біріңнен теріс айналмаңдар,
бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңді күндемеңдер, бір-
біріңе бауыр болыңдар. Мұсылманның үш күннен артық
мұсылман бауырымен араз болуы халал емес»
117
деген
еді. Қырғи-қабақтықтың емі - екі жақтың бір-бірінің
117
Бұхари. Әдеп 57, 58, 62; Мүслим. Бирр 23, 24, 28, 30-32.