114
Ала жіпті аттама
кінәсін жуып-шайып, мәмілеге келуі. Мүминге тән
ынтымақ пен бауырмалдықтан айнымау.
«Мұсылманның діндес бауырына үш күннен артық
кек сақтағаны жақсылық емес. Ренжіскен екеудің
қайсысы бірінші болып кездескенде сәлем берсе, сол
артық»
118
, – деген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
әр дүйсенбі мен бейсенбіде амалдардың Аллаһқа
ұсынылатынын, діні бір бауырымен өштескен адам-
нан басқа Аллаһқа ширк қоспағандардың барлығының
күнәлары кешірілетінін, ал кектенген адамдар жайлы
Аллаһ тағала періштелерге: «Мына екеуінің амалын бір-
бірімен табысқанша, кейінге қалдырыңдар» деген әмір
беретінін айтады
119
.
Ағайынның
араздасқанын
құптамайтын
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бір хадисінде:
«Мұсылман мұсылман бауырына үш күннен артық
ренішті болып, осы өшіккен күйі өліп кетсе, тозаққа
барады»
120
, – деген болатын.
Мұсылман бауырына бір жыл бойы кек сақтаған
адамның оның қанын төккенмен бірдей күнә
арқалайтынын айтқан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
тағы бірде:
«Бір мүминнің мүмин бауырына үш
күннен артық суық қабақпен қарауы халал емес. Үш күн
өткен соң, онымен татулассын, сәлем берсін. Екінші
кісі оның сәлемін алса, екеуі де сауапқа кенеледі. Ал,
берген сәлемін алмаса, алмағаны үшін күнәға батады.
Сәлем берген кісі күнәдан арылады
121
деген болатын.
Демек, араздасқан адамдар бірінші болып сәлем беріп,
118
Бұхари. Әдеп 62, Истизан 9; Мүслим. Бирр 23, 25, 26.
119
Мүслим. Бирр 36, Әбу Дәуіт. Әдеп 47.
120
Әбу Дәуіт. Әдеп 47.
121
Әбу Дәуіт. Әдеп 47.