110
Ала жіпті аттама
Байланыс желісінің технологиясы барынша дамыған
мына заманда электронды пошталар мен телефон хабар-
ламаларын осы тұрғыдан қабылдауымыз керек. Сәлем
жолданып жазылған хат-хабарламаларға қайтарып жау-
ап жазу - мұсылманнан сұралар міндеттің бірі.
2. Үлкенге құрмет көрсету, кішіге
қамқор болу
Аллаһ тағала Құранда мүминдерді
«Аллаһ
елшісімен бірге болғандар кәпірлерге тым қатал, өзара
өте мейірімді»
деп сипаттаған («Фәтих» сүресі, 29-аят).
Шынайы мүмин дініне берік, туған-туысына мейірбан,
дұшпанына тастай қатты болады. Үлкенді сыйлап, жасы
кішіге, әлсізге, жетім-жесірге қамқор келеді.
Аллаһ тағала мұхажир бауырларынан ештеңелерін
аямаған ансарларды мақтап былай деген:
«Мәдинаның
байырғы иман еткен тұрғындары көшіп келгендерді
жақсы көреді, олармен бөліскен дүниелері үшін
өкінбейді. Сондай-ақ, өздерінде таршылық бола тұра,
олардың қиналғанын қаламайды»
(«Хашр» сүресі,
9-аят).
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Үлкенге құрмет
көрсетпеген, кішіге қамқор болмаған бізден емес»
, –
деген
111
. «Бізден болмау», яғни Аллаһтың шарапатынан,
оның елшісінің шапағатынан мақұрым қалу - мүмин
үшін орны толмас опық жеу. Аллаһ пен елшісінің жо-
лынан айнымау үшін мүмин әрдайым иләһи әмірлерді
бұлжытпай орындауы тиіс.
Аллаһ жолында бірін-бірі жақсы көргендер жай-
ында Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай дейді:
«Жеті адам бар, Аллаһ тағала оларды алақандай да сая
111
Бұхари. Әдеп 18; Мүслим. Фәзаил 56.