105
Қоғамдық ортадағы кісі ақысы
Бұл жайт дініміздің талабы бойынша, мемлекеттің
дүниесін шашау шығармай тиімді жұмсау қажеттігін
айқын аңғартады.
Мемлекет бос орынға жарияланған бәйгеде үміткер
сынақтан сүрінсе де, тамыр-таныстықпен жайлы орынға
жайғастыру, мансабын жеке бас мүддесіне пайдалану,
мемлекеттік, қоғамдық мүлікті, қаржыны иемденіп
кету, көпшілікке қызмет көрсеткенде адамдарды ала-
лау, әділетсіздік таныту секілді іс-әрекеттің бәрі - мүмин
бойын аулақ ұстайтын амалдар.
Мемлекеттік қызметші, азаматтық қызметші өз
қызметіне адал болуға, әрдайым этика сақтауға, жаңсақ
пікір айтпауға, асығыс қадам жасамауға тиіс. Аллаһқа
иман келтірген әрбір басшының, әрбір адамның әманда
Аллаһқа асылық жасамауды ойлағаны жөн.