109
Мұсылманның бір-біріндегі ақысы
тын не екенін айтайын ба? Араларыңда сәлемдесуді
жайыңдар»
107
.
Туфәйіл ибн Үбәй ибн Кааб үнемі Абдуллаһ
ибн Омармен бірге базар аралауға шығатын. Сон-
дай күндердің бірін былай деп еске алады: «Біз ба-
зар аралағанда Абдуллаһ қарсы жолыққанның бәріне,
ескі-құсқы сатқанға да, қымбат дүкен ұстағанға да,
жарлы-жақыбайға да сәлем беретін. Кезекті бір базарға
барарда тағы да мені ерте кетті. Әдеттегідей базар
араладық. Абдуллаһ ештеңе сатып алмады. Мен көптен
бері көкейімде жүрген сұрақты осы жолы қойдым.
«Сен өзің онша сауданың жөнін білмейсің не бір
зат алмайсың. Базарға не үшін келесің?». Менің бұл
сұрағыма Абдуллаһ былай деп жауап берді: «Уа, Әбу
Батн
108
, біз мұнда жұртпен амандасу үшін келеміз. Жол-
да ұшырасқандардың бәріне де сәлем беру үшін»
109
.
Үлкен Ислам ғалымы имам Құртуби сәлемхатқа
жауап қату турасында былай деген: «Сәлемхатқа
міндетті түрде жауап қату керек. Өйткені, алыстан кел-
ген хат жолда кездескен адамнан алған сәлем сияқты.
Осы тұрғыда Абдуллаһ ибн Аббас өзіне келген хатқа
жауап жазуды уәжіп деп білген. Бұл туралы Исламның
құқықтық мектептері саналатын мәзһабтарда нақты бір
үкім болмаса да, сәлем жолданған хатқа жауап жазу
уәжіп деп бағалануы тиіс. Салыстыра қарасақ, хатқа
жауап жазу ауызша сәлемге жауап бергенмен бірдей.
Тек, хатты жауапсыз қалдыру оңай, алайда жүзбе-жүз
кездескенде берілген сәлемді алмау қиынға соғады»
110
.
107
Мүслим. Иман 93.
108
Туфәйіл қарынды кісі болғандықтан оны солай атайтын. Автор.
109
Мәлик. Муатта. Сәлем 6.
110
Ибн Ашур. әт-Тахрир уәт-Тәнуир 1/3076.