Previous Page  104 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 216 Next Page
Page Background

104

Ала жіпті аттама

көк аттыға ұстата салу жиі кездесіп жатады десек,

қателеспеген болармыз.

Мемлекеттік, қоғамдық мекеменің мүлкін жеке

басының қажетіне жарату да - көпшілік құқығының аяқ

асты етілуінің бір мысалы. Біз жұмыс істеген мекеме

мемлекеттік болса да, болмаса да оның меншігіндегі

мүлікке мұқият болуға тиіспіз. Бізге сеніп тапсырылған

қаржыны, басқа да тауар-материалдық құндылықтарды

жеке бас пайдамызға жаратпауға, аманатқа қиянат

жасамауға міндеттіміз.

Тақырыпқа қатысты мына бір оқиғаны шынайы,

саналы мүминнің ұстанымы ретінде баяндай кеткенді

жөн көрдік. Хазірет Омар (р.а.) бірде түнделетіп жұмыс

істеп отырғанда бір сахаба сәлем бере келеді. Хазірет

Омар (р.а.) оның сәлеміне жауап қатпайды, жүзіне

де қарамайды. Жұмысын аяқтаған соң, білте шамды

сөндіріп, басқа бір шамды жағады да, сәлемін алады.

Әңгіме барысында сахаба: «Уа, Омар, неге сәлемімді

дереу алмадың? Неге бір шырақты сөндіріп, екіншісін

жаққан соң ғана менімен сөйлесе бастадың?» деп, әлгі

әрекетіне таңырқай сұрақ қояды. Сонда Хазірет Омар

(р.а.): «Алдыңғы шырақ мемлекеттің қазынасынан

алынған. Оның жарығында отырып жеке басымның ша-

руасымен айналыссам, Аллаһтың құзырында халім не

болмақ? Сенімен мемлекеттің шаруасын сөз қылмайтын

болғандықтан, қазынаның шырағын сөндіріп, өзімнің

ақшама сатып алынған шамды жақтым. Содан соң

әңгімелесуге көштім» дегенде, сахаба оның мемлекеттің

мүлкіне жанашырлығына тәнті болып: «Уа, Раббым,

Хаттабтың ұлы Омарды мың жасат», – деген екен.