99
Қоғамдық ортадағы кісі ақысы
де, жүргіншілердің де міндеті. Ислам құқығы тұрғысынан
алсақ, жол ережелерін сақтау да уәжіп саналады.
Жол-көлік апаттарының көбі жүргізушілердің
жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберуінен туын-
дап жатады. Сондықтан, шағын елді-мекендердің ішінде
көлiкті белгiленген межеден аспайтын жылдамдықпен
жүргiзу уәжіп. Жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлік
жүргізіп келе жатып, соңы кісі өліміне апарып соққан
жол-көлік апатына ұшыраса, оның бұл іс-әрекетін
қылмыспен пара-пар құқық бұзушылық деп бағалауға
әбден болады.
Ислам құқығы бойынша бөгде адамның өміріне,
денсаулығына, меншігіндегі мүлкіне зиян келтірудің
алдын алуға мүмкіндік бола тұра бұған жол берген
адам немкеттілігі үшін жауапқа тартылады. Жол-
көлік оқиғаларына осы тұрғыдан көз салсақ, бұған
абайсыздықпен болса да жол бергендердің кісі ақысын
бұзатындығын аңғарамыз.
Көліктер соқтығысына апарып соғатын себептердің
бір парасы ретінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны
үшін тағайындалатын әкімшілік жазалардың жеңілдігін,
анау-мынау құқықбұзушылықтарға көзжұмыпқарайтын,
кейбір жол полициясы қызметкерлері арасында кездесіп
қалатын парақорлықты айтуға болады.
Көпшілік арасында құқықтық сананың, құқықтық
мәдениеттің қалыптасуы жол-көлік оқиғалары санын
айтарлықтай қысқартуға, оның алдын алуға мүмкіндік
береді. Мәселен, дамыған елдерде әділетсіздікке, құқық
бұзушылыққа бей-жай қарамайды, олар белсенді түрде
мұндай іс-әрекеттерге қарсылық білдіруді азаматтық
ұстаным ретінде басшылыққа алған.