Previous Page  103 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 216 Next Page
Page Background

103

Қоғамдық ортадағы кісі ақысы

қоймайды, көптің мүддесін, қоғамдық пікірді аяқасты

еткендік болып табылады. Ал, көп қорқытып, терең

батыратынын ескерсек, олардың алдында ақталу тым

қиынға соғады.

9. Көпшілік құқығын аяқ асты ету

Көпшілік құқық – билік пен бағыныштылық

бастауларымен субординация қатынастарына

құралған, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді

қорғауға алған, мемлекеттік органдар мен лауазымды

адамдардың өкілеттігін, олардың азаматтармен және

заңды ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтың

бір бөлімі.

Көпшілік құқықты, яғни мемлекеттің, әлеуметтің

құқығын аяқ асты ету - үлкен күнә. Өйткені, оны қалпына

келтіру мүмкін емес. Көпшіліктіңмүддесі сөз болғанжер-

де әдетте жекелеген тұлғалардың да құқығы ескеріледі.

Көпшіліктің пайдасын көздейтін мәселелер барлық

адамдардың пайдасына шешілуі тиіс. Көпшілікке ортақ

дүние-мүлікке қол сұғудың күнәсі тым ауыр. Бұл тұста

өзін өзгелермен салыстырып, «өзгелер түйені түгімен

жұтып жатқанда мен неге биені бүгімен жұтпаймын»

деген сыңаржақ ой жақсылыққа апармайды, өйткені әр

кісі ақыретте өзі үшін жауапты. Сондықтан, мүмин адам

Аллаһтың құзырында есебі түзу, жүзі ақ болудың ама-

лын жасап бағады.

Көпшілік құқықты аяқ асты етуге мемлекеттік са-

тып алу-сату мәселесіне қатысты адал бәсекеге кедергі

келтіру де жатады. Қазіргі таңда мемлекеттің қаржысын

тапсырысты тиісінше тиімді орындайтын ұйымдарға

бергізбей, заңсыз сыйақы ала отырып көлденең