Previous Page  102 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 102 / 216 Next Page
Page Background

102

Ала жіпті аттама

шығармашылық қызметтің нәтижесіне иесінің авторлық

құқығы бар және оны бұзуға тыйым салынады

103

.

8. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы

жеке құқықтарды сақтау

Бұқаралық ақпарат құралдарына көпшілікке жалған

мәліметтер тарату, жеке адамның ар-намысын, қадір-

қасиетін кемсіту, заңды ұйымдардың іскерлік беделіне

нұқсан келтіру, болған жайттардың өңін айналдырып

жеткізуге жиі орын беріледі десек, мұның бәрі кісі

ақысын бұзғандық болып табылады. Мұндайда жеке

адамға немесе ұйымға орны толмайтын материалдық

және моралдық зиян келетіндіктен, бұқаралық ақпарат

құралдарында жарияланған мәліметтер теріске

шығарылуы тиіс.

Теледидар және радио желісінде біреуді сын

садағына іліп ғайбаттап, оның ар-ұжданын, абырой-

ын аяқасты ету, кісі ақысын белден басу екені айтпаса

да түсінікті. Айта кететін бір жайт, жекелеген адам-

дар немесе ұйымдар туралы хабар жүргізу барысында

шындықты бұра тартып сыңаржақ пікір айту оңай, бірақ,

мұның салдарын, материалдық және моралдық зиянның

орнын толтыру - қиынның қиыны. Өйткені, аққа қара

күйе жағылған хабарды көріп-білген көпшіліктің са-

насында теріс пікір қалыптасады. Сосын қанша ақтап,

сылап-сипағаныңмен көңілдегі кірбіңді кетіре алмасың

анық.

Осы орайда халық қалаулысына айналған сыйлы

азаматтарды қаралап мәлімет таратудың салдары тым

ауыр болатынын айта кеткен жөн. Өйткені, бұл жағдай

бірлі-жарым адамның ар-ожданына нұқсан келтіріп

103

1998 жылғы № 43 қарардың 5/5 бөлігі.