98
Ала жіпті аттама
ұқыпты, жинақы болуы, айналаны ластамауы, шаң-
тозаңға да бей-жай қарамауы тиіс.
Қазіргі кезде табиғаты әсем, орман-тоғайлы,
жайылымдық жерлерді, шарасыз қолы қысқа панасыз
адамдардың жер телімдерін Аллаһтан да, адамнан да
қорықпайтындар әлімжеттік қылып тартып алып, не
болмаса қорқытып сатып алып, керегіне жаратып жа-
тыр. Олардың көпшілігі азуын айға білеген алпауыттар
болғандықтан, заң жолымен ауыздықтаудың да реті
түсе бермейді. Зорлықпен тартып алынған мүлікке Ис-
лам құқығы ешқандай меншік құқығын бермейді, яғни
мүлікті жылдар бойы ашық, ұдайы иеленсе де мүліктің
меншік иесі болып табылмайтын зорлықшыға мүлікке
билік ету құқығы берілмейді. Тіпті, Ислам ғалымдары
мұндай жерлерде оқылған намаздың жарамдылығы ту-
ралы да екіұдай пікірде.
Табиғи ортаны қорғауда адамның санасы, түсінігі,
ар-ұжданы басты маңызға ие. Істеген іс-әрекетінің Аллаһ
құзырында күнә, заң тұрғысынан құқық бұзушылық,
адамдар арасында айыпталатын қадам саналып, және
мұнысы ерте ме, кеш пе бетіне салық болатынын білген
адамның мұндайға әу бастан жоламайтыны анық.
5. Жол-жүру ережелерін сақтау
Елімізде жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың
салдарынан әр жылы мыңдаған адам қаза табады. Жол-
көлік апаттарының тым жиілеп кетуінің объективті
себептері ретінде білместікті, алкогольдi, есiрткi не-
месе өзге де ақыл-естен айыратын заттардың әсерінен
көлікті мас күйде жоғары жылдамдықпен жүргізуді,
инфраструктураның жеткіліксіздігін, жауапсыздықты
айтуға болады. Жол ережелерін сақтау - жүргізушілердің