Previous Page  96 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 216 Next Page
Page Background

96

Ала жіпті аттама

жол бойын, демалатын орындарды ластамау, дәрет сын-

дырып былғамау, қоғамдық көпшілік орындарда шама-

дан тыс көп отырмау секілді мәселелер айтылады.

Ауаны, суды, жердің топырақ қабатын зиян-

ды қалдықтармен ластаумен қатар жерге түкіру,

темекі тұқылы, шекілдеуік қабығы секілді тұрмыстық

қалдықтарды тастау да тұрпайы, жағымсыз қылықтар

болып табылады.

4. Қоғамдық орындарда жүріп-тұру

әдебі

Мұсылмандардың өмірінде мешіттің орны бөлек.

Қоғамдық көпшілік орындарға, әсіресе мешітке алба-

жұлба ұсқынсыз күйде, исі қолқаны қабатын кір киіммен

кіріп баруға болмайды. Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм):

«Мешіттер дәрет сындыратын немесе басқа да

өрескел қылық жасайтын орын емес. Бұл жерлер тек

Аллаһ тағаланы зікір етуге (еске алуға), намаз және

Құран оқуға арналған»

, – деп баса айтқан

100

.

Тағы бір хадисте мешіт ішіне түкіру күнә, оның

өтеуі мешітті тазалау екені айтылған. Мұндайда намаз

оқылатын жерге төселген төсенішті (кілем, мәрмәр,

топырақ, құм және басқа) кірдің нышаны қалмайтындай

мұқият тазалау қажет. Көпшілік жиналатын орын-

дарда көзге түскен былғаныштарға бей-жай қарамай,

мүмкіндігінше тазалағаны жөн екені де бізге хадистер-

ден жеткен.

Қоғамдық көпшілік орында айқай-шу шығарып,

халықтың мазасын алу да мүминнің әдебіне жат. Сондай-

ақ, мешітте айтысып-тартысуға, дауыс көтеріп сөйлеуге,

жоғалтқан нәрсені жар салып сұрастыруға, сауда-

100

Мүслим. Тахарат 100.