91
ІІІ Бөлім
ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДАҒЫ КІСІ
АҚЫСЫ
Қоғамдық ортадағы
кісі ақысы
Адамдар әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен,
бірқатар қоғамдық тәртіп ережелеріне бағынуға тиіс.
Айналаны таза ұстау, қоғамдық орындарды ластамау
осы міндетке кіреді. Көпшілікке мәлім, тұрғындардың
жауапсыздығынан пәтердің қылтимасынан (балкон)
көрпе-төсекті қағып сілку, кез келген жерге шекілдеуік,
сусын қалбырын, темекі тұқылын және басқа да
тұрмыстық заттардың қалдықтарын тастау, жаяу
жүргінші жолына, жол бойына қақырынып, түкіріну
секілді жағымсыз қылықтар барынша белең алған.
Мұндай келеңсіз жайттардың нәтижесі халық тығыз
қоныстанған ірі қалаларда санитарлық талаптардың
сақталмауына, қоғамдық көпшілік орындардың барын-
ша ластануына апарып соғуда.
Дініміз тазалықты иманның жартысы деп, айнала-
ны, үй-жай, қора-қопсыны таза ұстауға, ұқыпты болуға
барынша мән берген. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мешіттің қабырғасындағы түкірікті өз қолымен тас-
пен қырып тазалаған екен. Бұл әрекетінің өзі-ақ оның
айналаның тазалығына қаншалықты мән бергенінің