92
Ала жіпті аттама
көрінісі емес пе? Көне Стамбулда Фатих Сұлтан Мехмет
патша заманында қала көшелерін түкіріктен әктас төгіп
тазарту үшін арнайы адамдар жұмылдырылған екен.
Жаяу жүргінші көп жүретін жол бойын, демалыс
орындарын былғау Исламдық тәртіпке кереғар. Қазіргі
кезде сулық, қағаз майлықтың түр-түрі тұрғанда көшеге
қақырынып, түкіріну өте жиіркенішті, мәдениеттілікке
жатпайтын өрескел қылық. Көп қабатты үйлерде
кіреберіс тұрмақ пәтердің тазалығын сақтамауды көрші
ақысын бұзғандық деп білген жөн. Қоғамдық ортаның
әдебінен аттамай, мұсылман қандай жағдайда да басқа
адамдардың ренішін туғызатын іс-әрекеттен іргесін
аулақ ұстағаны абзал.
Зауыттарда аспирациялық ауаны тазартуға тиісті
қондырғылардың болмауы, егер бола қалған жағдайда
ескірген, сүзгісінің сүзу қабілетінің қуаты әлсіз болуы да
ойландырарлық жайт. Зауыттардан, жылу электр стан-
цияларынан ауа бассейніне тасталатын күкірт тотығы,
көміртегі тотығы, бейорганикалық шаң секілді лас
заттар өсімдіктер әлемі мен адам организміне қауіпті.
Кәсіпорындардың өндірістік санитария талаптарын
сақтамауы кісі ақысын бұзғандықтың айқын белгісі емей
немене? Жерасты және жерүсті су көздерін өнеркәсіп
қалдықтарымен лас-тау да кісі қақысын бұзудың бір
айғағы.
Адам денсаулығына қауіп төндіретін іс-
әрекеттің баршасын кісі ақысын аяқасты еткендік деп
санағанымыз жөн. Мәселен, ауруханаларда дер кезінде
сапалы медициналық көмек көрсетпеудің нәтижесінде
сырқаттың денсаулығының нашарлауы, өмірінің үзілуі
- құқық бұзушылықтың нақ өзі. Емдік препараттардың