87
Кісі ақысының көп қырлылығы
Олардың діни жоралғыларын жасауына кедергі
келтірмей, кедей-кепшіктеріне қарасып, науқастарының
көңілін сұрап бару қажет. Сондай-ақ, олардың діни
сенім-нанымдарын келемеждеу, табынған пұттары
мен тәңірлерін тілдеу немесе сындыру да ерсі қылық.
Құран кәрім:
«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын
балағаттамаңдар. Әйтпесе, олар да білмей Аллаһқа
тіл тигізеді»
, – деген («Әнғам» сүресі, 108-аят).
Мұсылман адам ел ішіндегі бөгде дін өкілдеріне
тілімен де, қолымен де қиянат жасамайды, дүниесіне
қол сұқпайды, оларды балағаттамайды. Өйткені,
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Мен мұсылман
елінің шаңырағы астында бейбіт күн кешкен өзге
діндегілерге жәбір көрсеткеннің дұшпанымын»
, – де-
ген. Мұсылман діні тек қана бейбітшілікке негізделген.
Құранның «Ниса» сүресінің 136-аятын тәпсір жасағанда,
Құртуби және басқа да тәпсір ғалымдары аяттағы «бөгде
көрші» сөзін діні бөлек көршілер деп түсіндірген
97
.
Құрандағы
«Уа, халқым, Аллаһтыңшақырушысын
қабылдаңдар және Аллаһқа иман келтіріңдер.
Сонда күнәларыңды жарылқап, күйзелтуші азап-
тан қорғайды»
(«Ахқаф» сүресі, 31-аят) деген аятын
түсіндіргенде ғалымдар «күнәларды жарылқап» де-
ген жолдар арқылы тек Аллаһтың ақысы туралы сөз
болғанын меңзейді. Өйткені, адамның мойнындағы кісі
ақысы тек иман келтірумен кешіріле салмайды. Рас,
өзге діндегі адам қан төгіп, қарақшылық жасап, кейін
мұсылмандыққа өткен болса, барлық күнәсі кешіріледі.
Дегенмен, ол кезінде әлдекімнен аманат немесе қарыз
алған болса, Исламға кіргеннен кейін қарызын қайтармай
қоюға құқығы жоқ. Мұсылман еместер өзара мәміле
97
Ибн Қайим әл-Жәзуия. Ахкәм-у Әһлиз-Зиммә 1/591-601.