86
Ала жіпті аттама
Шеберлікпен жаратқан құдіреті сол! – дегенМәшһүр
Жүсіп бабамыздың өлеңінде ақиқат жатқаны анық.
10. Мұсылман еместердің ақылары
Соғыс жағдайы, не болмаса қандай да бір қауіп
төнетіндей болмаса, мұсылман еместердің ақысын жеу-
ге, мал-мүлкіне, жеке басына қол сұғуға әсте болмайды.
Тек, Исламнан безген мүртәдтардың мейлі еркек бол-
сын, мейлі әйел болсын өмір сүрулеріне құқы жоқ. Бірақ,
ол жазаның өзін мемлекет қана белгілей алады.
Мүмин өзінің мүмкіндігімен өзгелерден артық
болмайды. Егер мүмин адам басқа діндегі адамға
әлімжеттік көрсететін болса, дүние мен ақыретте жаза-
ланады. Сондықтан, мұсылмандар өзге дін өкілдерінің
де ақысына құрметпен қарап, діні басқаның әлдебір
заты қолына түскен жағдайда, иесіне қайтарады, өзі
болмаса жақын туыстарына, мұрагерлеріне тапсыра-
ды. Осы арқылы бір жағынан Исламның шын ізгілігін
көрсетеді.
Ешкімнің де құқығы аяққа тапталуы тиіс емес.
Мұсылманның мұсылмандығы ақиқат пен әділетті
жақтағанда көрінеді. Аллаһ тағала шындықты, әділетті
жақтауда бізді дәйекті, тұрақты қылсын
96
.
Адамдарды діні басқа екен деп алаламай, мәміле
талаптарын қатаң сақтап, уәдеде тұру керек. Басқа дін
өкілі болса да, соғысып жатқан жауының әйелдерін,
бала-шағасын, қарттар мен дін адамдарын өлтіруге бол-
майды. Оларды азаптауға, жәбірлеуге тағы рұқсат жоқ.
Өзге дін өкілдерін мәжбүрлеп діндерінен бас тартқызуға
тыйым салынған.
96
М. Ф. Гүлен. Кәпірлер мен мұсылман еместерге қалай қарау
керек сұрағына жауап.