81
Кісі ақысының көп қырлылығы
Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай дейді:
«Кімде-кім
Аллаһ разылығы үшін жетімнің басын сипаса, қолы
тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»
92
.
Өгей әкелер мен өгей шешелер Құранның ашық
әмірлеріне, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
хадистеріне құлақ асып, тіршіліктің сәні бейкүнә
бүлдіршіндерді өз балаларынан кем көрмей, бағып-
қаққаны ләзім. Кісі ақысын жегеннің жазасы қандай
боларын жоғарыда айттық, ал жетімнің құқығын аяқ
асты етудің есебі одан да күшті.
«Жетім көрсең, жебей жүр» деген атам қазақ жетімді
мүсіркеп, оған қарасуды үлкен сауап көріп, ал оның
ақысын жеудің үлкен күнә екенін жақсы ұғынған.
Жетімді жетім демеңіз,
Жетімнің ақын жемеңіз,
Жетімнің ақын жесеңіз,
Көтеріп көрге салғанда,
Тек жатамын демеңіз, - деп, оның сұрағының
ауырлығын ел ішінде кең насихаттап отырған.
8. Жолдастық және әңгімелесу
құқықтары
а) Жолдастық, достық ақылары
Адамның адамсыз таңы атып, кеші батқан емес.
Адам баласы ойлары бір жерден шығып, әңгімелері
жарасатын сырлас жан іздейді. Сондықтан болар,
достықтың адам өмірінде алатын орны ерекше.
«Достық – өз бойына сан алуан жан азығын жинаған
алып қуат. Қайда барсаңыз да ол сізге қызмет етеді,
кісіні ешқашан мезі қылмайды, ешқашан орынсыз жерге
92
Ахмед ибн Ханбәл. Мүснәд 5/250, 265.