77
Кісі ақысының көп қырлылығы
сіңірген еңбегі зор екенін жақсы түсінген. Мәселен,
Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын: «Мен ұстазыма
әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам,
Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым», –
деп еске алатын болған.
а) Расында, ұстаз ақысына құрмет – шәкіртке
сын.
Ежелгі Үндістанның әдептілік кодексі
−
«Ману
баптарында»: «Шәкірт өзінің ұстазына төсекте жатып,
тамақ ішіп отырып немесе одан алыста тұрып яки жүзін
басқа жаққа бұрып жауап бермеуі, әңгімелеспеуі тиіс.
Егер ұстаз түрегеліп тұрса, ол да тік тұрып, иба білдіруге
тиіс»
89
, – деуі ой саларлық.
Ертеректе мұсылман әлемінде ғалымдарға, ұстазға
деген сый-құрмет жоғары болған. Ұзақ жыл білім
жинаудың, білгенін басқаларға үйретудің, кітап жазу
секілді оқу-ағарту ісімен айналысудың мәртебесі биік
тұрған. Өйткені ұстаздар бұл іске сауап тұрғысынан
көбірек мән беріп, қоғам тәрбиесіне өздерінің жауап-
ты екенін терең сезінген. Пәнді үйретумен ғана шек-
телмей, шәкірттеріне өмірлік дұрыс ақыл-кеңес беріп,
адамгершілік пен имандылыққа қатар баулыған, жүріс-
тұрыс, мінезімен жақсы үлгі-өнеге көрсеткен. Қажет
кезінде шәкіртінің дәрістен тыс жағдайларына да
алаңдаушылық білдіріп, шын жанашырлық танытқан.
Оқу, білім, ғылым, мәдениет, адамгершілік, әдеп,
тәрбие – бәрін ұстаздан үйренген шәкірт ұстазды өз ата-
анасынан кем қадірлемеген. Ұстазының алғысын алмаса,
алған ілімінің берекесін көре алмайтындығына сенген.
89
Ұ.Асылов, Ж. Нұсқабайұлы. Әдептану. Мектеп баспасы, 2003.
Б.82.