72
Ала жіпті аттама
♦
♦
Екеуара ренжіскенде сабыр сақтап, қателікті
өзімнен деп білуі қажет. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
«Ер адам әйелінің жаман қылығы мен
сөзіне ашуланбасын, басқа жақсы қылығын ескеріп
разы болсын»
деген.
♦
♦
Болмашы қателіктерді жіпке тізіп, отбасының құтын
қашырмағаны жөн.
♦
♦
Әйелі діни сауатты болуы үшін оған білгенін
үйретсе нұр үстіне нұр.
♦
♦
Әйелімен үнемі кеңесіп, маңызды шаруаларда оның
да пікіріне жүгінгені дұрыс.
♦
♦
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің көңіл көтеру
және тынығу құқықтарына көңіл бөлгені жөн.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жиын-тойларда,
айт күндері және басқа да атаулы күндерде көңіл
көтеруге, ойын-сауық құруға рұқсат берген. Ислам
ғалымдары ғибадат жасауда артық кетудің өзі
адамды зеріктіретінін айтып, шариғат шеңберінде
көңіл көтеріп демалғанды жөн деп білген.
♦
♦
Реті келгенде әйелінің көңілін көтеріп, әзілдескені
жөн. Пайғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жастай
тұрмысқа шыққан Айша (р.а.) анамыз үйінде
қуыршақтарының болғанын, құрбылары келгенде
бірге ойнағандарын айтады. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бұған тыйым салмай
83
, өзі де
осыны айтып әзілдейді екен
84
. Сондай-ақ, айт күні
Айша анамызды эфиопиялықтардың ойындарын
83
Бұхари. Әдеп 78; Мүслим. Фәдаилу-с сахаба 81.
84
Әбу Дәуіт. Әдеп 62.