Previous Page  69 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 69 / 216 Next Page
Page Background

69

Кісі ақысының көп қырлылығы

11. Ислам құқығында жұмыс беруші жұмысшы-

лардың діни ұстанымын да ескеріп иудеймен мәміле

жасасқанда сенбі, христианмен мәміле жасасқанда

жексенбі күндерін демалыс деп жариялауы керек. Соған

қарап мұсылман үшін жұма күнін апталық демалыс

тәулігі деп белгілесе, құба-құп болар еді.

12. Зейнеткерлікке келсек, дінімізде барлық адам

үшін кедейлік, кәрілік, банкроттық және төтенше

жағдайларда мемлекеттің арнайы қамқорлығы

қарастырылған. Ал, бүгінгі таңда қарттардың күнкөрісін

мойындарына алған зейнетақы жинақтаушы қорлары

құрылған.

Жоғарыдағы ақыларды иеленген жұмысшы да

мына міндеттерді мойнына алуы тиіс:

1. Жұмыс істегенде ниетінің адал болуы;

2. Жұмыс берушінің табысына көз сүзбеу;

3. Қызметтік міндеттерін аманат ретінде қабылдап,

аманатқа қиянат жасамау;

4. Жұмыс берушінің құрал-жабдығын өз

дүниесіндей ұқыпты қолдану;

5. Жұмысты жақсартатын, еңбек өнімділігін артты-

ратын ұсыныстар жасау, жұмыс барысында белсенділік

таныту және т.б.

Басшылық міндетке ие болғандар қарамағын-

дағылардың ақысына мейлінше абай болғаны жөн.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Барлығың

жауаптысыңдар және қарамағыңдағылар үшін жау-

апты боласыңдар»

, – деген

81

. Биліктің тізгінін ұстау

дегеніміз - жайлы таққа жайғасып, мол дүниені оңды-

81

Бұхари. Жұма 11, Истикраз 20, Итқ 17, 19, Уәсая 9, Неке 81, 90,

Ахкам 1; Мүслим. Имара 20; Тирмизи. Жиһад 27; Әбу Дәуіт.

Имара 1.