Previous Page  71 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 71 / 216 Next Page
Page Background

71

Кісі ақысының көп қырлылығы

рау өзіне жүктелгендіктен, табысын есепсіз шашып-

төгуге, харамға жұмсауға құқы жоқ.

Аллаһ пен ақырет күніне сенген еркек пен әйел

отбасындағы өз жауапкершіліктерін сезініп, бір-бірінің

ақыларын көздерінің қарашығындай қорғаулары ке-

рек.

а) Ер адамның әйелі алдындағы міндеттері

Әйелін асырауға жеткілікті адал табыс табу

82

.

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

садақаның

абзалы отбасына жұмсалғаны екенін айтқан.

Отбасында кездескен қиындықтарды жарымен

бірге бөлісіп, «Сендердің жақсыларың – әйелдеріңе

жайлы болғандарың» деген хадиске сай дөрекілікке

бармай оларды дұрыс басқаруға тырысу керек.

Ер адамға байсалды мінез жарасады. Бұл отбасы

тыныштығы үшін де маңызды. Шаңырақ астында

оқта-текте орнайтынкеліспеушіліктерде қызбалыққа

салынбай, салқынқандылық танытуы шарт.

Қайын жұртқа қолдан келген көмекті аямай, құрмет

көрсете білу керек.

Қолы қалт еткенде әйеліне қолғабыс жасаудың

да ешқандай әбестігі жоқ. Сахабалар Айша

(р.а.) анамыздан Аллаһ елшісі үйде немен

шұғылданатынын сұрағанда, Айша анамыз ол

кісінің қарапайым отағасы ретінде аяқкиім жөндеу,

киім жамау, қой сауу, торсық жамау секілді үй

шаруасымен айналысатынын айтқан.

Ер адам бөтен адамдардың алдында өз әйелін

кемсіте сөйлеп, ыңғайсыз жағдайға қалдырмайды.

Балағаттауға, қол жұмсауға болмайды.

82

Ибн Ашур. әт-Тахрир уәт-Тәнуир 1/595.