Previous Page  66 / 216 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 66 / 216 Next Page
Page Background

66

Ала жіпті аттама

кешіктіруді қиянат жасау деп білген. Құран кәрім:

«Егер

біріңе-бірің сенсеңдер, аманатты мойнына алған адам

оны орындасын. Сондай-ақ, Раббысынан қорықсын»

, –

дейді («Бақара» сүресі, 283-аят). Пайғамбарымыз

(саллаллаһу

аләйһи уә сәлләм)

аталмыш аятты түсіндіргенде:

«Дәулетті

адамның әлдекімдегі берешегін кешіктіруі - кесірліктің

бір көрінісі. Араларыңнан біріңді әл-ауқаты жақсы

адамнан қарызды қайтаруға жұмсаса, осыны көкейге

түйіңдер»

74

деген. Мұндағы дәулетті адам деп берешегін

қайтаруға шамасы келетін адам меңзелген. Ақшасы дай-

ын болса да, қайтаруға қимай жүрген жан кісі ақысын

бұзғанын түсінуі қажет. Қарыз келісілген, не болмаса

қарыз беруші талап еткен мерзімде қайтарылуы тиіс.

Вексель тәрізді төлем құжаттарын қанша адам индос-

самент арқылы табыстаған болса, солардың ақылары,

сондай-ақ чек және төлем карточкалары арқылы есеп

айырысу барысында басқа да адамдардың ақылары

қарызын кешіктірген адамға жүктеледі. Борышқор

олардың әрқайсымен есеп айырыспаса, Аллаһтың

құзырына батпандай кісі ақысын арқалай кетпек

75

.

Нарық заманына тән қызмет барысында әркім өз

еркіндігін пайдалануға құқылы, бірақ ақшасын банк

жүйесі арқылы тек белгілі бір топтың қолында жинауға,

қандай да бір сауда операциясында риба

76

болып табы-

латын пайыз мөлшерлемесі арқылы табыс табуға Ислам

діні тыйым салғанын естен шығармайық.

Исламдағы жұмысшы ақыларын былайша

тұжырымдауға болады:

74

Бұхари. Хауалат 1-2, Истиқраз 12; Мүслим. Мүсақат 33; Әбу

Дәуіт. Бүю 10; Ибн Мажә. Садақат 8; Тирмизи. Бүю 68; Нәсаи.

Бүю 100.

75

Абдуллаһ Парлыян. Риязус-Салихин тәржімесі 472.

76

Негізсіз капитал өсімі. Автор.